Қазақстан құрамасы БАӘ командасымен жолдастық матч өткізеді

09.09.2022 21:21 Ұлттық құрама

Ойын қараша айында Абу-Даби қаласында өтеді.

Қазақстан құрамасы БАӘ командасымен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың Біріккен Араб Әмірліктері командасымен жолдастық кездесу өткізетіні туралы хабарлайды.

Ойын 19 қараша күні Абу-Даби қаласында өтеді. Нақты уақыты мен стадионын кейінірек хабарлаймыз.

Біріккен Араб Әмірліктері ФИФА рейтингінде 69-орында орналасқан. Бұл команданың Қатарда өтетін Әлем чемпионатына шығуына мүмкіндік болған еді – соңғы шешуші ойынында Аустралияға 1:2 есебімен жол берді.

Команданың ең жоғары жетістігі – 1990 жылғы әлем чемпионатына қатысқаны және 1997 жылы Азия кубогының күміс жүлдесі.

Бұған дейін Қазақстан және БАӘ өзара үш рет кездескен.

19.09.1997. ӘЧ-98 іріктеу кезеңі. Абу-Даби

БАӘ – Қазақстан – 4:0

18.10.1997. ӘЧ-98 іріктеу кезеңі. Алматы

Қазақстан – БАӘ – 3:0

10.12.2000. Жолдастық матч. Абу-Даби

БАӘ – Қазақстан – 5:2

0 пікір