Ұлттық құрамаға Стоичков келуі мүмкін

08.01.2011, 02:45
Ұлттық құрамаға Стоичков келуі мүмкін
Бүгін еуропалық сайттарда жылт еткен ақпарат пайда болды. Онда Украиналық "Металлург" командасының бас бапкерлік қызметіне Красимир Балаков пен Христо Стойчков тағайындалуы ықтимал екендігі туралы хабар тарады. Ал сонымен бірге, өзге сайттарда аталған донецкілік клубтың өзіне бас бапкерлікке Красимир Балаковты таңдап, сонымен келіссөздерге отырғаны да мәлім етілді. Ал Христо Стойчков дәл қазір бапкерсіз тұрған Қазақстан ұлттық құрамасына келеді деген сыбыс айтылған. Бірақ нақты ақпараттың рас-өтірігі белгісіз. Дегенменен, Стоичковтай атақты ойыншы біздің ұлттық құрамаға келуі ғажап емес.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×