Ауыс-түйіс өте қарқынды

08.01.2011, 19:54
Ауыс-түйіс өте қарқынды
Жаңа маусымның басталуна екі айдай уақыт қалды. Жаңа маусымға кім, қалай дайындалуда? Осы жөнінде Премьер-Лига командаларын шолып өтсек. Әңгімеміздің басын «Актөбеден» бастасақ. Ақтөбеліктер жақында ғана аяқталған маусымда күміс жүлдеге ие болған, Еуропа алаңдарында біраз атой салған құрамының негізгі ойыншыларының басым көпшілігін сақтап қалды. Владимир Мұқановтың жоғалтуларына келсек, олар; ұлттық құраманың тіреуіш жартылайқорғаушысы Андрей Карпович пен орталық шабуылшы Мұрат Тлешевті айтуға болады. Ал қалған Ақтөбе сапынан кеткен ойыншыларды негізгі құрам ойыншылары деп айтуға әлі ерте секілді. Батыс Қазақстан командасының сапына қосылған ойыншылар жөнінде айтсақ, ол арине Мозес Саки. «Акжайыкпен» бірнеше жылға келісім-шартқа қол қойып қойғанына қарамастан, ганалық қара маржан, енді ол командадан ат басын алып қашуда. Сакиді «Ақтөбе» сапына өтті деп үзіп-кесіп айтуға әлі ерте. Ақтөбеліктермен қатар, Сакиге қарағандылық «Шахтер» де таласуда. Равиль Сабитов бүгінгі күні мүлде басқа «Тобылды» құрап жатқан түрі бар. Желтоқсан айында ғана чемпион атанған команданың негізгі ойыншыларының басым көпшілігі қостанаймен қоштасқан. «Тобылдың» алдағы маусымға дайындалуға өзге командаларға қарағанда мүмкіншілігі көп. Себебі, қостанайлықтар қаңтар айының ортасында Достастық кубогіне қатысады. Бүгінгі күні қостанайлықтардың сапында бірнеше легионер ойыншылар бақылауда жүр. Қостаналықтар қазіргі күні Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Қаңтар айының 14 жұлдызында Равиль Сабитов командасымен Санк-Петербург қаласына келіп, келесі күні Достастық кубогіндегі алғашқы ойынын, өзбекстандық «Бунедкор» командасымен өткізеді. Павлодарлық «Ертіс» бүгінгі күннің өзінде өзінің легионерлік қоржының толтырып үлгерді. Дегенмен,павлодарлық команда тарапынан әлі де біршама шет ел ойыншыларын күтуге болады. Келуі мүмкін ойыншылардың тізімін ташкенттік «Пахтакор» командасының сербиялық қорғаушысы Боян Миладинович бастап тұр. Солтүстік Қазақстан команда  сапына еліміздің белді ойыншыларының келуі де әбден мүмкін. . . Келер маусымда астаналық «Локомотив», ұлттық құраманың базалық клубына айналуы ықтимал. Себебі, 2010 жылдың аяғының өзінде астанаға Андрей Карпович мен Пиралы Алиев секілді ұлттық құраманың ойыншылары өшіп келген болатын. Жақын арада теміржолшылармен еліміздің үздік ойыншысы Нұрбол Жұмасқалиевта келісім-шарт жасаспақ. . . «Локомотивтің» соңғы сатып алған атақты ойыншысына келсек, ол  сербиялық Данило Белич («Жетысу»). Осындай мықты ойыншылармен теміржолшылар, келер жылдың өзінде-ақ алдарына үлкен мақсат коя алады деп сенуге болады. Ал «Атырау» командасының жетекшілері, жаңа бас бапкерін қоян жылының басында айтмыз деп уәде етіп отыр. Дегенмен де, жаңа бас бапкер келгенімен Батыс Қазақстандық команданы айтарлықтай өзгерістер күтіп тұрғаны анық. «Атырауды» ұзақ жылдар бойы алға сүйреп жүрген легионер енді жоқ. Командадан Алексей Шакин, Пиралы Алиев сынды ойыншылар да жұмыс орындарын ауыстырды. Келер жылы сәтті өнер көрсету үшін, команда жетекшілері біраз тер төгу керек екендігі айдан анық. «Шахтер» жаңа маусымға Виктор Кумыковтың басшылығымен дайындалуда. Қазірше қарағандылық команда өз қатарларына ешқандай жаңа ойыншылар қосқан жоқ. Бұл команда туралы жаңа жаңалықтарды енді біз тек Туркиядан күтеміз. Талдықорғандық «Жетісу» жаңа жылдық демалыстан кейін енлі ғана жиналды. Бұл команда жайлы бүгінгі таңда айтарлықтай жаңалық жоқ. Жаңа маусымға «Ордабасы» өздеріне жақсы таныс белоруссиялық мамандармен дайындалуда. Былтырғы жылдағы ойыншылармен Оңтүстіктің командасына экс-тобылдықтарФархадбек Ирисметов пен Азат Нұрғалиев қосылды. Сонымен қатаар, шымкеттіктердің қатарында өткен маусымда «Қайсардың» намысын қорғаған, өте тәжірибелі қақпашы Роман Нестеренко жаттығуда. «Тараза» командасының трансферлік жаңалықтары әлі де алда деп күтілуде. Ваит Талгаев жаттықтыратын команда сапына маусым басталар алдында, атақты әрі тәжірибелі ойыншылар, сонымен қатар нәтиже де келетініне жанкүйерлер нық сенуде. «Кайрат» командасының құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшырады деп айту қиындау. Алматылық ұжымға Даниил Рихард сынды өте тәжірибелі қақпашы қосылды. Алматылықтар қызығушылық танып отырған бірнеше атақты ойыншылар бар. Бірақ олармен келісім-шарт тек әңгіме жүзінде өрбуде. Өскемендік «Восток» сапында да маңызды жаңалықтар жоқ. Команданың бас бапкері Вахид Масудовтың ойында сатып алуға керекті ойыншылар аз емес шығар. . . Бірақ оның іске асуы, жергілікті әкімшіліктің бөлген сомасына байланысты болады. Биылғы премьер-лига командаларының ішінде, жылдық бюджет ең аз бөлінген «Қайсар» болды. Аралдың қайраңында қалған теңіздің күйін кешіп тұрған ұжымға кім келіп көмек қолын созар екен? Қызылордалық команда тез арада қосымша демеуші тапқаны жөн. Әйтпесе, премьер-лигаға шығу жолындағы төккен терлері желге ұшпақ.

Шолу жасаған Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×