Руслан Балтиев – «Жетісуда»

08.01.2011, 21:50
Руслан Балтиев – «Жетісуда»

Жаңа маусымның басталуна 2 ай көлемінде уақыт қалды. Бүгінгі күні Қазақстандық командалардың барлығы дерлік Балтық жағалуы  мен Түркия елінде жаттығып жүргені анық. Осы оқу-жаттығу жиыны кезінде Премьер-Лига командаларының басым көпшілігі құрамын жаңа ойыншыларымен толықтырмақ ойы бар. Сол ауысымдар жөнінде бірер ауыз шолып өтсек.

«ТОБЫЛ»

«Тобылдың» бүгінгі күнгі басты жоспары, команданың аңызға айналған ойыншысы Нұрбол Жұмасқалиевтің орнын басатын ойыншы іздеу болуда. Кейбір дерек көздеріне сүйенер болсақ, Нұрболдың орнын , Белгияның жоғарғы дивизионында біраз тәжірибе жинаған  Ндерим Ндзипи басады дейді. Келгендер: Владе Лазаревски, Величе Шумиликоски, Тимур Досмағамбетов, Алексей Данаев, Сергей Костюк, Милан Черны, Ндерим Ндзипи, Сергей Виноградов, Анатолий Стукалов, Сергей Голяткин Кеткендер: Данияр Мұқанов, Вит Туртенвалд, Фархадбек Ирисметов, Олег Сабиров, Андрей Харабара, Андрей Травин, Азат Нұрғалиев, Руслан Левига, Филипп Клапка, Павел Беганский, Ұлұқбек Бақаев, Мұрат Сүймагамбетов, Нұрбол Жұмасқалиев, Ринат Абдулин.

«АКТӨБЕ»

«Ақтөбенің» басты мақсаттарының бірі команданың нағыз көшбасшысы әрі капитаны Самат Смақовты өз қатарларында ұстап қалу болмақ. Смақов Батыс Қазақстандық клубпен үш жылдық келісім-шарт жасасып қойған. Бірақ, бұл келісім-шарттың ішінде келесіндей пунк бар «егерде Саматқа Еуропаның мықты клубтары кұда түсіп жатса, капитанды жібереміз деген». Қазіргі таңда Смақовқа  тель-авивтік «Хапоэль» қызығушылық білдіріп отыр. Ақтөбеліктердің жаңа ойыншыларының бірі болып былтыр «Атырауды» намысын қорғаған Руслан Сахалбаев келді. Келгендер: Руслан Сахалбаев, Нұрсайын Жолдасов, Бақдаулет Қожабаев, Данияр Мұқанов Кеткендер: Мұрат Тілешев, Андрей Карпович, Петр Бадло, Юрий Мокроусов, Тимур Досмағамбетов, Ақжол Серікжанов.

«ЕРТІС»

Үстіміздегі жылдың қола жүлдегері «Ертіс» маусым аяқтала салысымен бірден бірнеше ойыншыларды сатып алған болатын. Солтүстік Қазақстанға бірінші болып көшіп келгендер Мұрат Тілешов пен Алексей Шакин болды. Оның артынша павлодарлықтардың қатарын Мамуту Кулибали толықтырды. Сонымен қатар «Ертіс» сапына жуық арада «Қазақмыстың» намысын жыртқан Федор Симиниди мен ұлттық құрамының экс-ойыншылары Эдуард Сергиенко мен Александр Кучма келеді деп күтілуде.

Келгендер: Мамуту Кулибали, Алексей Шакин, Мұрат Тілешев, Федор Симиниди, Александр Кучма, Эдуард Сергиенко Кеткендер: Александр Василевич, Кузнецов, Арман Бірқұрманов, Руслан Гумар, Боривойе Филиппович, Константин Заречный.

«ЛОКОМОТИВ»

Теміржолшылар келер маусымда чемпиондық атаққа үміткер командалардың бірі болары анық. Қазіргі күні «Локомотив» сапын Андрей Карпович, Кайрат Нұрдәулетов, Пірәлі Әлиев сынды ұлттық құраманың ойыншылары толықтыруда. Жақын арада бұлардың қатарына Нұрбол Жұмасқалиев та келіп қосылуы тиіс. Былтырғы маусымның жартысын жарақатына байланысты ойнай алмаға Роман Герустың орнына «Кайраттың» жас қақпашысы Ненад Эрич келді. Астаналықтардың жоғалтуларына келсек, олар; Данило Белич, Максим Самченко және Марка Гурман. Қазірше теміржолшылардың сапындағы қос молдавиялық ойыншылардың, яғни  Игорь Бугаев пен Валерий Андрониктің болшақ тағдырлары әлі белгісіз. Келгендер: Андрей Карпович, Нұрбол Жұмасқалиев, Ненад Эрич, Пиралы Алиев, Данило Белич Кеткендер: Ринат Хасенов, Марк Гурман, Роман Герус, Алексей Булучевский, Сергей Остапенко, Жамбыл Кукеев, Бобби Божиновски, Максим Самченко, Валерий Андроник, Игорь Бугаев.

«АТЫРАУ»

«Мұнайшылар» қазірше маусым аралық үзіліске ойншылар сатып алуға әлі де асығар емес. Команда өзінің былтырғы көшбасшыларының барлығынан дерлік айырылып жатыр. Бүгінгі таңның өзінде командадан Алексей Шакин, Руслан Сахалбаев, Виорел Фрунза, Мариус Кроитору сынды белді ойыншылары кетіп үлгерді. Олардың орнына соңғы кездері сәтсіз өнер көрсетіп жүрген Виктор Ковалев, Данияр Кенжеханов, Денис Родионов пен Егор Азовский секілді ойыншылар келді. Келгендер: Виктор Ковалев, Егор Азовский, Денис Родионов, Данияр Кенжеханов, Константин Заречный, Максим Азовский Кеткендер: Пірәлі Әлиев, Алексей Шакин, Сергей Ларин, Мариус Кроитору, Георгий Пейкрешвили, Виорел Фрунза, Руслан Сахалбаев, Бауыржан Жолшиев.

«ШАХТЕР»

«Кеншілер» жаңа маусымды, жаңа бапкермен бастамақ. Ол Виктор Кумыков. Түркиядағы оқу-жаттығу жтынына Кумыков өзіне жақсы таныс Максат Байжанов, Серик Досманбетоа және Қаната Алиев сияқты ойыншылармен дайындалуда. Сонымен қатар қарағандылықтардың сапында өзбекстандың легионер Кайрат Отабаевта жаттығып жүр. Келгендер: Қайрат Отабаев, Мақсат Байжанов, Қанат Алиев, Серік Досманбетов, Жамбыл Кукеев, Таңат Нүсербаев, Александр Мокин, Игорь Бугаев, Валерий Андроник Кеткендер: Сергей Сарана, Сергей Скорых, Джимми Мулиса, Алексей Сучков, Саша Джорджевич, Гедеминас Вичюс, Алексей Данаев, Алексей Богданов, Сергей Козюлин.

«ЖЕТІСУ»

Асқар Кожабергенов пен Серік Абдуғалиев келер маусымда, бірінші лигада «Сұнқар» сапында ойнайтын жас ойыншыларға сенім артпақ. Дегенмен де, бұл ойыншылар команданың негізгі құрамына айнала алмаса да, жаңа маусыда команданың негізгі орындаушыларына айналу үшін, біраз төселу керектігін ойлап, ұллтық құрама сапында ең көп гол соққан Руслан Балтиевті, сонымен қоса, ұлттық құраманың Сергей Скорых пен Сергей Остапенко сынды ойыншыларын  шақыртып жатқан сыңайлы. Келгендер: Ақжол Серікжанов, Сергей Скорых, Руслан Балтиев, Сергей Остапенко, Дәурен Құсаинов, Жігер Кукеев, Даурен Суюнов, Владимир Берикбаев, Марлан Мужиков, Айдос Мейірманов, Арман Бірқұрманов, Максим Самченко. Кеткендер: Илья Фомичев, Виктор Ковалев, Владимир Яковлев, Йосип Бонацин, Данило Белич, Мақсат Байжанов, Сергей Костюк, Дмитрий Пархачев, Руслан Соляник, Денис Родионов, Әсет Менліхожа, Мәлік Жантілеуов.

«ОРДАБАСЫ»

«Ордабасыда» бүгінгі күні Өзбекстан құрамасының орталық шабуылшысы Ұлықбек Бақаевті күтуде. Бірақ, Ұлықбектің қоржынында Өзбекстан құрамасы үшін іріктеу сындарында бірде-бір рет өнер көрсетпегендіктен Бақаев алдағы уақытта өз отандастарымен бірге Азия кубогының ақтық сынында өнер көрсететін шығар деген болжам бар. Сондықтан да, алдағы жақын арада Бақаев шымкенттік қоманда үшін ойнай алмайтын шығар. Келгендер: Фархадбек Ирисметов, Азат Нұрғалиев, Роман Нестеренко, Ұлукбек Бақаев Кеткендер: Мадияр Муминов, Нұрсайын Жолдасов, Александр Мокин, Бағдаулет Қожабаев, Евгений Левин, Таңат Нөсербаев, Виталий Евстигнеев.

«ТАРАЗ»

Ваит Талғаевта қазірше ойыншылар сатып алуға асығар емес. Оның командасы бүгінде Түркияда жаттығып жүр. Қазірше тараздықтардың құрамында Вячеслав Соболев пен Антон Землянухин және жамбылдық футбол мектебінің жас таланттары жаттығуда. Келгендер: Владимир Яковлев, Вячеслав Соболев Кеткендер: Василий Цугуцкий, Никола Тонев, Урош Милосавлевич, Милан Йованович, Дмитрий Богдан.

«ҚАЙРАТ»

Владимир Никитенко бүгінде үздік бестікке кіру үшін, қандай ойыншыларды алу керектігі жөнінде ойланып жатқан кейпі бар. Алматылықтардың сапын Мұрат Сүймағанбетов, Олег Сабиров, Даниил Рихард сынды ойыншыларман толығуда. Келгендер: Даниил Рихард, Мурат Суюмагамбетов, Константин Головской, Андрей Харабара, Олег Сабиров, Константин Заречный, Андрей Травин Кеткендер: Ненад Эрич, Кайрат Утабаев, Вячеслав Соболев, Владимир Носков, Талгат Сабалаков, Боян Тркуля, Драган Гошич, Драган Джурджевич,  Константин Зотов.

«ВОСТОК»

Вахид Масудов әдеттегідей өз командасын өзіне жақын ойыншылармен толықтыруда. Солардың алғашқысы болып Өскеменге Ринат Абдулин қоныс аударды. Жуық арада Дмитрий Мамонов және Масудовқа таныс біршама ойыншылар келеді деп күтілуде. Келгендер: Ринат Абдулин, Сергей Ларин, Дмитрий Мамонов, Андрей Травин, Арман Бірқұрманов, Серик Сагындыков Кеткендер: Серік Жейлітбаев, Антон Молтусинов, Дархан Юсупов, Дәулет Нұрасылов.

«ҚАЙСАР»

«Қайсар» жайлы үзіп-кесіп ештеме де айта алмаймыз. Қызылордалық команда әлі де жасақталып үлгерген жоқ. Оны жасақтауға бас бапкер де бүгінде жоқтың қасы. Алдағы маусымда «Қайсар» Премьер-Лигада ойнайма, ойнамайма әлі де белгісіз! Келгендер: жоқ Кеткендер: Серік Сағындыков.

Шолу жасаған Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Ауыс-түйіс өте қарқынды
Келесі жаңалық
Хижниченко Оманда жүр
Серіктес жаңалықтары
×