Хижниченко Оманда жүр

09.01.2011, 21:18
Хижниченко Оманда жүр
19-жасар Қазақстан Ұттық құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко Роттердамның «Фейеноорд» командасында оқу жаттығу жиындарын өткеруде. Осыдан 1 ай бұрын байқауға кеткен отандасымыз осы күні командасымен Оманда жүр. Жұма күні Марио Беен баптайтын команда құрамында 23-аяқдопшымен Сухар жағалауына келіп, жаттығуда. Ұжымда Сергейден өзге тағы бір байқауда жүрген ойыншы бар, ол - Кристиан Симон. 11 қаңтар күні "Фейеноорд" Оманның олимпиадалық командасымен жолдастық кездесу өткізеді де, 14 қаңтар күні отанға оралады. Дәл содан кейін де Хижниченконың тағдыры шешілетін шығар. 5 қаңтар күні "Спартаға" қарсы өткізілген жолдастық кездесуде жерлесіміз 84 минутта алаңға шығып, ойын аяқталар тұста әріптесіне гол ұратын керемет пас шығарды.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×