Воит Талгаев "Тараз" тізгінін ұстады

09.01.2011, 22:03
Воит Талгаев "Тараз" тізгінін ұстады

Воит Талгаев "Тараз" тізгінін ұстады. Естеріңізге сала кетейік, жергілікті футбол мектебінің түлегі Талгаев "Тараз" тізгінін осымен үшінші мәрте ұстап отыр.

1990-92 жылдары, содан соң 1996-97 жылдары бапкерлік қызмет атқарған ол аталған клубты алтын жүлдеге әкелген болатын. Енді жергілікті жанкүйерлер осыған үлкен үміт артып отыр. Және клуб қақпашысы Мұрат Мұқашев пен қырғызстандық жас легионер Антон Землянухин өз келісім шарттарын ұзартты, сонымен қатар сенім артқан үштік: Ерзат Кенбаев, Ұлан Қонысбаев және Бауыржан Байтаналар да команда сапында. "Тараз" сапында талай жыл тер төккен Виталий Евстигнеев те шақырту алған, алайда оның команда қосынына келу-келмеуі белгісіз.

Нұржан Туғанбай

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×