Ұлттық құраманың биылғы қарсыластары жолдастық кездесулер өткізеді

09.08.2011, 18:11
Ұлттық құраманың биылғы қарсыластары  жолдастық кездесулер өткізеді
10-тамыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы "Астана Арена" стадионында Сирияны қабылдайтынын бірнеше мәрте айтқан болатынбыз.  Сондай-ақ осы айда Еуропа чемпионатына іріктеу сындарында ұлттық құрамамен бір топта өнер көрсететін құрамаларда жолдастық кездесулер өткізеді екен.Сонымен: Бундестим Штутгарттағы «Мерседес-Бенц-Аренада» әлемнің бес дүркін жеңімпазы Бразилияны қабылдайды. Айтпақшы , бұл кездесуді әлемнің 190 елі тікелей трансляция жасайды. Ал , түріктер жергілікті «Али Сами Йен» стадионында Эстониямен күш сынасады. Өткен ойында Қазақстанға есе жіберген Әзірбайжан ел астанасы Бакуде  Македониямен кездеседі. Австрия құрамасы Клагенфуртте  Словакиямен, ал Бельгия Люблян қаласында Словендермен бақ  сынасады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×