Умтити мен Араухо жарақатынан айықты

«Барселона» соңғы үш ойында гол жібермеді.
Умтити мен Араухо жарақатынан айықты

"Барселонаның" қос бірдей ойыншысы жарақатынан айығып, командалық жаттығуға кірісті.

Қорғаушылар тек жаттығуға кірісіп қана қоймай 5-ші желтоқсан күні өтетін "Кадиске" қарсы ойынға шақырту алды. Бұл туралы каталодық ұжымның ресми сайты мәлімдеді.

Умтити жарақатына байланысты осы маусымда бірде-бір ойынға қатыспаған болатын.

Еске салайық "Барселона" Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 14 ұпаймен жетінші орында келе жатыр. Сондай-ақ, қоржынында ойналмаған тағы 2 ойыны бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×