Аллегри Премьер-лига командасын жаттықтыруға ниетті

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
05.12.2020, 19:15
Бұл туралы Аллегридің өзі мәлімдеді.
Аллегри Премьер-лига командасын жаттықтыруға ниетті

Туриндік "Ювентустың" бұрынғы бапкері Массимилиано Аллгери АПЛ командаларының бірін жаттықтырғысы келетінін айтты.

"Шетелдік бапкеркер Ағылшын Премьер Лигасын жандандыра түсті. Сол қатарда мен де болғым келеді." - деді Аллгери берген сұқбатында.

Өткен айда басылым беттерінде "Манчестер Юнайтед" басшылығы Аллегриге командасын тапсыруға қарсы емес деген ақпарат жарық көрген болатын.

53 жасар маман 2019 жылдың жазынан бері жұмыссыз жүр. Оған дейін "Ювентуспен" бірге 5 мәрте қатарынан Италия чемпионы атанды. Сонымен қатар "Миланмен" бірге А Сериясының жеңімпазы атанған.

Аллегри бапкерлерік мансабында тек Италиялық клубтармен жұмыс жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×