ПСЖ жазда Мессиді сатып алғысы келеді

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
05.12.2020, 19:37
Соңғы жаңалықтарды ескерсек, трансфер орын алуы әбден мүмкін.
ПСЖ жазда Мессиді сатып алғысы келеді

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси ПСЖ ойыншысы атануы мүмкін.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, аргентиналық футболшының ескі досы Неймар жазғы трансфер мәселесін клубтың спорт директоры Леонардомен талқылап қойған.

Трансферге кедергі келтіруі мүмкін болып түрған жайт - шабуылшының жалақысы. Лео "Барселона" сапында жылына 60 миллион еуро алады. Сонымен қатар ПСЖ-ның қос бірдей шабуылшылары - Неймар жылына 36 миллион еуро алса, Килиан Мбаппе 20 миллион еуро алады.Бірақ париждік клубтың басшылығы аргентиналықты клубқа шақырғанша, Неймар мен Мбаппенің келісімшартын ұзартқан тиімді деп санайды.

Бұған дейін Неймар ПСЖ-мен келісімшартын 2022 жылға дейін тек Месси келген жағдайда ғана ұзартатыны туралы ақпараттар шыққан еді. Ал Мессидің "Барселонамен" келісімі 2021 жылдың жазында аяқталып, еркін агент атанбақ.

Месси ағымдағы маусымда 12 ойында 7 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×