Премьер-лиганың осы маусымдағы үздік қақпашысы анықталды

05.12.2020, 20:25
Тізімде «Тобыл» қақпашысы көш бастады.
Премьер-лиганың осы маусымдағы үздік қақпашысы анықталды

Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымында ең көп "құрғақ" матч өткізген қақпашылардың тізімі белгілі болды.

"Тобыл" қақпашысы Александр Мокин 10 кездесуде қақпасына гол жібермеді (13 матч). Айта кетейік үшінші жыл қатарынан осы номинацияны "Тобыл" қақпашысы жеңіп алды (2018 жылы - Дмитрий Непогодов, 2019 жылы - Эмиль Балаев). Екінші орында "Тараз" клубының жас қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен тұр (10 ойын, 6 "құрғақ" матч). "Қайрат" қақпашысы Стас Покатилов 13 матчтың алтауында гол жібермей, үздік үштікті түйіндеді. Сонымен қатар, "Қайсар" қақпашысы Александр Заруцкий (17 матч) және "Қызыл-Жар" қақпашысы Мирослав Лобанцевтің де (18 матч) 6 "құрғақ" матчы бар.

Премьер-лига ойындарына қатысқан 30 қақпашының жетеуі қақпасын голдан аман сақтай алмады, бірақ олар осы нәтижесіне сай аз кездесу өткізген - Руслан Абжанов ("Оқжетпес", 7 ойын), Вадим Петров ("Қызыл-Жар", 2 ойын), Темірлан Анарбеков ("Қайрат", 1 ойын), Сұлтан Бусурманов ("Тобыл", 1 ойын), Нұрымжан Салайдин ("Қайсар", 1 ойын), Алмаз Хамытбеков ("Тараз", 1 ойын), Денис Кавлинов ("Каспий", 1 ойын).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×