Унай Эмери Еуропа Лигасында рекорд орнатты

16.04.2021, 16:02
Еуропа Лигасы дәл осы бапкердің турнирі секілді.
Унай Эмери Еуропа Лигасында рекорд орнатты

Еуропа Лигасының ширек финалының жауапты ойынында "Вильярреал" Загребтің "Динамосын" 2:1 есебімен жеңді. Испаниялық команда бірінші кездесуде де қарсыласынан басым түскен (1:0) болатын. Осылайша Унай Эмери жаттықтыратын команда Еуропа Лигасының жартылай финалына жолдама алды.

OptaJose статистикалық порталының мәліметінше, "Вильярреалдың" бас бапкері Унай Эмери мансабында алтыншы рет өз командасын Еуропа Лигасының жартылай финалына алып шығып, бапкерлер арасында рекорд орнатты.

"Вильярреалдан" басқа Унай "Валенсия" және "Арсеналмен" де осы турнирдің жартылай финалына шыққан еді. Испаниялық тәлімгер "Севилья" сапында ең үлкен жетістікке жетті, ол қатарынан үш жыл бойы Еуропа Лигасының осы кезеңіне жетіп, үш рет чемпион атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×