Унай Эмери Еуропа Лигасында тарихи рекорд орнатты

27.05.2021, 15:31
Бұл турнирге осы маманның атын берсе де артықтық етпейтін секілді.
Унай Эмери Еуропа Лигасында тарихи рекорд орнатты

Кезекті рет Еуропа Лигасын жеңіп алған Унай Эмери осы турнирдің рекордын орнатты

Эмери «Вильярреал» сапындағы алғашқы маусымның өзінде Еуропа Лигасын жеңіп алды. Маман турнирде төртінші рет жеңіске жетті, бұл жаттықтырушылар арасындағы абсолютті рекорд, деп хабарлайды Sky Sports Statto өзінің твиттер парақшасында. Эмери Еуропа лигасында «Севильямен» үш рет, «Вильярреалмен» бір рет топ жарды. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Джованни Трапаттони тұр. Ал Жозе Моуринью, Диего Симеоне, Рафаэль Бенитес, Хуанде Рамос және Луис Моловни бұл трофейге екі реттен қол жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа Лигасының финалдық кездесуінде «Вильярреал» «Манчестер Юнайтедті» жеңген болатын. Кездесу Гданьск қаласындағы «Энерга Гданьск» стадионында өтіп, 1:1 (пенальти бойынша 11:10) есебімен аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×