«Вильярреал» - Еуропа Лигасының жеңімпазы

27.05.2021, 10:47
«Сары сүңгуір қайық» өз тарихында бұл трофейге алғаш рет қол жеткізді.
«Вильярреал» - Еуропа Лигасының жеңімпазы

"Вильярреал" Еуропа Лигасының финалында "Манчестер Юнайтедті" жеңді. Кездесу Гданьск қаласындағы "Энерга Гданьск" стадионында өтіп, 1:1 (пенальти бойынша 11:10) есебімен аяқталды.

"Вильярреал" шабуылшысы Жерар Морено есеп ашты. 30-минутта айып добынан асырылған пастан кейін Морено қақпаны дәл көздеді. "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Эдинсон Кавани екінші таймның басында гол соқты. Рэшфордың алыстан бағыттаған соққысы жол бойында бірнеше ойыншыға тиіп, уругвайлықтың аяғына дөп түсті, ал Эдинсон бұл мүмкіндікті өз пайдасына жаратты.

Қосымша уақытта командалар гол соға алмады. Пенальти сериясында "Вильярреал" ойыншылары күштірек болып шықты - 11:10. Шешуші пенальтиді "Манчестер Юнайтедтің" қақпашысы Давид де Хеа соға алмады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×