Уолкотт Ағылшындар мен Немістердің менталитетіндегі айырмашылық туралы айтты

16.06.2025, 10:30

Англия құрамасының және "Арсеналдың" бұрынғы футболшысы Тео Уолкотт Ағылшын және Неміс футболшыларының менталитетіндегі айырмашылықтар туралы пікір білдірді. Ол 2009 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалын еске алды. Сол ойында Англия құрамасы Германиядан 0:4 есебімен жеңілген болатын.

Уолкотт Ағылшындар мен Немістердің менталитетіндегі айырмашылық туралы айтты

"Олар біздің энергиямызды пайдаланып жатқандай көрінді. Олар бір гол соғып, артынша екінші голды салған соң, алаңнан кеткілері келмейтіні анық байқалды. Олар бұл ойынға соншалықты кәсіби тұрғыдан қарады, бұл егер бәрін дұрыс жасасаң, жақсы нәтиже болады дегенді көрсетті. Сол себепті де олар 2014 жылы әлем чемпионы атанды деп ойлаймын.

Егер сіз жастар арасындағы Еуропа чемпионатын жеңсеңіз, бұл сізді қайда жетелейді, оны кім біледі? Егер команда жеңіске жетсе, өзге ойыншылар да осы рухпен қуат алып, үздік ойыншы, тұлға және лидер болуға ұмтылады. Бұл өте маңызды.

Немістер өте байсалды. Ал біз кейде ондай емеспіз. Бұл – бізге өзгерту керек нәрсе. Мұны жақында Англия құрамасы Сенегалға қарсы жолдастық кездесуде (1:3) байқауға болатын еді. Біз онша байыпты көрінбедік, бұл тек ғана жолдастық матч еді.” – деді Уолкоттың Daily Mail басылымында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×