«Урал» президенті: «Айымбетов пен Фединнің деңгейлері әзірге РПЛ-ге жетпейді»

30.01.2021, 10:24
“Урал” қос ойыншыдан да бас тартқан еді.
«Урал» президенті: «Айымбетов пен Фединнің деңгейлері әзірге РПЛ-ге жетпейді»

«Урал» клубының президенті Григорий Иванов Абат Айымбетов пен Максим Фединді неге клубқа алмағаны жөнінде Sports.kz сайтына айтып берді:

– Екеуі де жақсы жігіттер, бірақ қазір бізде ойыншылар көп, сол себепті де оларды қатарға қоспадық. Жақсы жігіттер, мүмкін Ресей Премьер-лигасына деңгейлері жетпейтін болар, бірақ олардың болашағы бар деп ойлаймын. Біз олармен сөйлестік. Сабырлы, сыйлай білетін жақсы жігіттер. Сіз менімен емес, бапкермен сөйлескеніңіз дұрыс. Менің ойымша, жақсы футболшылар, маған ұнады. Бірақ бапкердің айтқаны жөн.

– Олардың позицияларында басқа ойыншылар болғаны себепті клубқа алмадыңыздар ма?

– Ойыншылар көп. Әрине, өзіміздің жастар жетерлік. Максим Федин ойнайтын аймақта одан да мықты 5-6 футболшы бар. Сол үшін өзге елден ойыншы алғанды дұрыс деп санамаймын. Бірақ бұл сұрақтарға бапкер тұшымды жауап береді ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×