«Вест Хэм» Джесси Лингардты жалға алды

30.01.2021, 10:01
“Вест Хэммен” Чемпиондар лигасының жолдамасы үшін таласып көрмек.
«Вест Хэм» Джесси Лингардты жалға алды

“Манчестер Юнайтедтің” жартылай қорғаушысы Джесси Лингард “Вест Хэмге” маусым соңына дейін жалға ауысты, деп хабарлайды қос клубтың ресми сайттары.

Лингард Англия чемпионатының ағымдағы маусымында “қызыл сойқандар” үшін бірде-бір ойынға қатыспады. Кубоктік ойындарда үш матчқа қатысып, нәтижелілігімен көзге түспеді.

Жалпы “Манчестер Юнайтед” жейдесінде 210 ойынға шығып, 33 рет қақпа торын тулатса, 20 мәрте голдық пас берген.

28 жасар Джессидің жаңа клубы Премьер-лиганың 20 турынан кейін 35 ұпай еншілеп, бесінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×