Ибрагимович пен Лукакуға жаза тағайындалды

30.01.2021, 03:23
Бұл екеуі осы аптаның басты жаңалығына айналған еді.
Ибрагимович пен Лукакуға жаза тағайындалды

"Милан" шабуылшысы Златан Ибрагимович пен "Интер" клубының шабуылшысы Ромелу Лукаку Италия кубогінде бір матчтан шеттетілді.

Осылайша, бельгиялық футболшы "Ювентуспен" болатын алғашқы жартылай финалдық ойынға қатыса алмайды. Егер Златан айтқан сөздердің нәсілшілдікке қатысы болса, швед шабуылшысы тағы бірнеше матчтан шеттетілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, "Интер" мен "Милан" арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталған болатын. "Милан" сапындағы жалғыз голды Ибрагимович соқты.

Бірінші таймның соңында 39 жастағы шабуылшы "Интердің" шабуылшысы Лукакумен жанжалдасып, сары қағаз алды. Екінші таймда Ибрагимович алаңның ортасында ереже бұзып, алаңнан қуылды. Жеңілістен кейін швед шабуылшысы жанкүйерлерінен кешірім сұрап, "Златан әлемінде нәсілшілдікке орын жоқ" деп мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×