Вахид Масудов қазақстандық клубтың тізгінін ұстады

30.01.2021, 02:49
«Мақтаарал» келесі жылы Премьер-лигаға шығуға тырысады.
Вахид Масудов қазақстандық клубтың тізгінін ұстады

Қазақстандық маман Вахид Масудов "Мақтааралдың" бас бапкері атанды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Бұған дейін Масудов "Терек", "Ақтөбе", "Елімай", "Қайрат", "Тараз", "Шахтер", "Восток", "Жетісу", "Атырау", "Ордабасы", "Астана-1964", "ЦСКА Алматы", "Ақжайық" клубтарында, Қазақстанның негізгі және жастар құрамаларында бас бапкер болып жұмыс істеген.

Вахид Масудов соңғы рет 2019 жылы "Тараз" клубын жаттықтырған болатын. Жамбылдық клуб тізгінінде 26 матч өткізіп, 5 рет жеңіске жетті, 5 ойында тең түсті, 16 матчта жеңіліске ұшырады.

Еске салайық, "Мақтаарал" клубын өткен жылы Асқар Қожабергенов баптаған болатын. Бұл бапкердің клубпен келісімшарты аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×