
"Париж Сен-Жермен" клубының және Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле 2024/25 маусымының Франция Лига 1-дегі ең үздік ойыншы атағын жеңіп алды.
Өткен маусымда 26 ойында барлығы 3-ақ гол соққан ол биылғы маусымда ерекше жарқырап, "ПСЖ”-ны алға сүйреді.
Ол биылғы маусымда 28 матчта 21 гол салып, 6 нәтижелі пас берген.
9 жыл бұрын дәл осы турнирде ол маусымның үздік жас ойыншысы атанған еді.
"ПСЖ-дағы әріптестерім мен бапкерлеріме алғыс айтамын. Әлі де көп нәрсеге қол жеткізгім келеді.” – деді Дембеле.
Біздің серіктес: FONBET