Бұл пандемияның кесірінен тоқтап қалған биылғы жылдың турнирлеріне қатысты шешім. ФИФА-ның ойыншы алмастыруға қатысты өзгерісін халықаралық футбол қауымдастығының кеңесі де мақұлдады. Қосымша екі ойыншы ауыстыру жағдайы тайм арасындағы үзілісте жүзеге асырылады. Яғни, ойын кезінде футболшы алмастырудағы үзіліс созылып кетпеуі керек. Қосымша 15 минуттық таймдарда командалар тағы бір мәрте ойыншы ауыстыра алады. Бұл өзгерістер карантинде толыққанды жаттығу жасай алмаған футболшыларға жеңілдік ретінде енгізілді.
Біздің серіктес: FONBET