Вагнер Лав: «Қайрат» менің жүрегімде мәңгі сақталады»

26.11.2021, 14:55
Бразилиялық шабуылшы кеше «Қайрат» жанкүйерлерімен қоштасты.
Вагнер Лав: «Қайрат» менің жүрегімде мәңгі сақталады»

«Қайраттың» 37 жастағы бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав Конференция лигасының бесінші турында «Базельмен» болған ойынды (2:3) қорытындылады:

- Жақсы матч өткіздік. Бізде мүмкіндіктер болды, бірақ, өкінішке орай, оң нәтижеге қол жеткізе алмадық. Енді Қазақстан кубогінің финалына дайындаламыз.

Менің эмоцияларыма келетін болсақ, жанкүйерлердің көз алдында ойнау маған өте жағымды әсер сыйлады, олармен жеңіске жету арқылы қоштасқым келген еді. «Қайрат» менің жүрегімде мәңгі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×