«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав қазақстандық жанкүйерлерге Мәскеулік ЦСКА-да көрсеткен ойынын қайта көрсететініне уәде берді.
«Мені әлі танымайтын, әлі күнге дейін күмәнмен қарайтын қазақстандық жанкүйерлерге мен уәде бере аламын: Вагнер ЦСКА-дағыдай болады. Мен Қазақстан жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне бөленуге тырысамын: алаңдағы жұмысым арқылы және гол соғу арқылы. Мен әрқашан командаға жеңіске жетуге көмектесемін. Осылайша, мен жанкүйердердің жүрегінен орын тапқым келеді», - деді Вагнер клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, алматылық клуб Вагнер Лавтың ауысқанын 8 шілдеде ресми түрде жариялады. Содан бері бразилиялық Премьер-лигада үш ойын өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді және ҚПЛ-дің тамыз айындағы үздік ойыншысы атанды.
Біздің серіктес: FONBET