«Вулверхэмптон» кезекті португалиялық ойыншымен толықты

10.09.2020, 14:30
Командадағы португалиялық ойыншылардың саны 11-ге жетті.
«Вулверхэмптон» кезекті португалиялық ойыншымен толықты

«Порту» жартылай қорғаушысы Витинья деген лақап атпен танымал Витор Машаду Феррейра «Вулверхэмптонға» ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. «Вулверхэмптон» футболшыны кейін сатып алу мүмкіндігімен 2020/2021 маусымының соңына дейін жалға алды.

«Витинья - бұл маңызды трансфер және біздің жоспарларымыздың ажырамас бөлігі. Ол өте ерекше жас талант. Витинья біздің негізгі командамызды одан әрі дамытады және алға ұмтылғанымызды көрсетеді», - деді клубтың атқарушы директоры Джефф Ши.

20 жастағы Витинья - "Порту" түлегі. Өткен маусымда жартылай қорғаушы Португалия чемпионатының сегіз матчына қатысып (0 - негізгі құрамда), тиімді әрекеттермен көзге түсе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×