Вагнер Лав: «ЦСКА-дағы Вагнерді қайта көретін боласыздар»

10.09.2020, 15:10
«Қайратты» Еуроп лигасының үшінші іріктеу кезеңінде ресейлік «Ростов» күтіп тұр. Осы ойында Вагнердің көп көмегі қажет болады.
Вагнер Лав: «ЦСКА-дағы Вагнерді қайта көретін боласыздар»

«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав қазақстандық жанкүйерлерге Мәскеулік ЦСКА-да көрсеткен ойынын қайта көрсететініне уәде берді.

«Мені әлі танымайтын, әлі күнге дейін күмәнмен қарайтын қазақстандық жанкүйерлерге мен уәде бере аламын: Вагнер ЦСКА-дағыдай болады. Мен Қазақстан жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне бөленуге тырысамын: алаңдағы жұмысым арқылы және гол соғу арқылы. Мен әрқашан командаға жеңіске жетуге көмектесемін. Осылайша, мен жанкүйердердің жүрегінен орын тапқым келеді», - деді Вагнер клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, алматылық клуб Вагнер Лавтың ауысқанын 8 шілдеде ресми түрде жариялады. Содан бері бразилиялық Премьер-лигада үш ойын өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді және ҚПЛ-дің тамыз айындағы үздік ойыншысы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×