“ВАЛЕНСИЯ” мен “МИЛАН”: ҚОШ, ЛИГА

10.03.2011, 19:39
“ВАЛЕНСИЯ” мен “МИЛАН”: ҚОШ, ЛИГА
Басқа басқа, болжамым дәл шықты Кеше кездесу алдында “Шальке” шалқып, “Тоттэнхэм” толысатынына сеніп едім. Сенім алдамады. Руслан МЕДЕЛБЕК Қос ойынды да тамашалаған боларсыз. Сондықтан, ойын барысын талдаудан гөрі жеке ойымызға ерік берейік. “Шальке” мен “Валенсия” арасындағы ойынның таблодағы нәтижесіне қарап, неміс командасы мықты болды деп айту қиын. “Валенсия” да қарап қалған жоқ. Бірақ “Ауфшалькеге” жиылған жұрттың алдында көсіле блд Магат командасы. Есепті испаниялықтар ашқанда “бәрі бітті” десті жұрт. Бірақ Бірақ Магат шәкірттері сенімді қимылдап, керекті жеңісіне қол жеткізді. ЧЛ басы делік, “Валенсия” мен “Шальке” командаларының қайсы ұзаққа шабады деген сауал туындаса, жұрттың көбі “Валенсияға” сенер еді. Маусым басында “Шалькені” Еуропа лигасының шире финалына щығады деудің өзі біртүрлі еді. Дегенмен, “04″ команда төрттік финалдың есігі қақты, және бұл есік оларға айқара ашылды. “ШАЛЬКЕ” (Германия) – “ВАЛЕНСИЯ” (Испания) – 3:1 (1:1) Голдар: Рикарду Кошта, 17 (0:1). Фарфан, 40 (1:1). Гавранович, 52 (2:1). Фарфан, 90+4 (3:1). “Шальке”: Нойер, Хеведес, Серхио Эскудеро, Метцельдер, Утида, Матип (Пападопулос, 60), Клуге (Сарпей, 81), Хурадо (Дракслер, 76), Рауль, Фарфан, Гавранович. “Валенсия”: Гуаита Панадеро, Бруно, Давид Наварро, Рикарду Кошта, Матье, Мехмет Топал, Хоакин, Пабло Эрнандес (Сольдадо, 64), Банега (Коста, 70), Мата, Адурис (Жонас, 75). Ескертулер: Клуге, 27. Серхио Эскудеро, 47. Фарфан, 74. Матье, 83. Төреші: Эрикссон (Швеция). Бірінші ойын- 1:1. 0:0! “Тоттенхэм” ерледі. “Тоттенхэмде” талайға барады дейтіндердің қарасы аз еді. Осыдан үш ай бұрын. Бірақ, “Миланның” өзін жолда қалдырған ағылшындық команда енді жартылай финалдың табалдырығына келді. Ширек финалдан өтсе болған… “Милан” үшін биылғы еуропалық маусым аяқталды. “ТОТТЕНХЭМ” (Англия) – “МИЛАН” (Италия) – 0:0 “Тоттенхэм”: Гомес, Галлас, Доусон, Чорлука, Ассу Экотто, Леннон, ван дер Варт (Бэйл, 66), Модрич, Сандру, Пинар (Дженас, 71), Крауч (ПАВЛЮЧЕНКО, 83). “Милан”: Аббьяти, Янкуловски (Антонини, 70), Неста, Тиагу Силва, Абате, Зеедорф, Фламини (Страссер, 87), Боатенг (Меркель, 76), Пату, Ибрагимович, Робинью. Ескертулер: Янкуловски, 49. Фламини, 63. Пату, 64. Төреші: Де Блекере (Бельгия). Бірінші ойын - 1:0.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×