Кешегі Эль Класикодан кейін Испаниялық танымал журналист Тони Хуанмарти мәлімдеуінші "Барселонаның" ойыншысы Фермин Лопестің голы VAR арқылы тексеріліп жатқан сәтте бейнеқайталау бөлмесінде отырған төрешілердің бірі: "Құдайға шүкір!" (THANK GODNESS) деген сөзі анық естілген.
Бұл сөздің айтылуына себеп — олар Ферминнің голын қарау барысында оның қолмен ойнаған сәтін байқаған. Яғни, гол есепке алынбауы мүмкін екенін түсініп, қуанышын жасыра алмағандай көрінеді.
Хуанмартидің айтуынша:
"Бұл аудиолардан бәрі анық естіледі. "Барселона” бұл жағдай бойынша түсініктеме талап етуі керек." – дейді ол.
VAR төрешілерінің эмоциясы, және "Барселонаға” қарсы шешімді қуанышпен қабылдауы — әділдікке күмән тудырып отыр.
Бұл жанжал Испаниядағы төрешілер жүйесіне, әсіресе VAR жұмысына деген сенімділікті тағы да сілкілеп жіберді. "Барселона” тарапынан ресми шағым түсіруі мүмкін деген болжамдар да айтылып жатыр.