VAR төрешісінің сөзі дау тудырды

12.05.2025, 13:30

Кешегі Эль Класикодан кейін Испаниялық танымал журналист Тони Хуанмарти мәлімдеуінші "Барселонаның" ойыншысы Фермин Лопестің голы VAR арқылы тексеріліп жатқан сәтте бейнеқайталау бөлмесінде отырған төрешілердің бірі: "Құдайға шүкір!" (THANK GODNESS) деген сөзі анық естілген.

VAR төрешісінің сөзі дау тудырды

Бұл сөздің айтылуына себеп — олар Ферминнің голын қарау барысында оның қолмен ойнаған сәтін байқаған. Яғни, гол есепке алынбауы мүмкін екенін түсініп, қуанышын жасыра алмағандай көрінеді.

Хуанмартидің айтуынша:

"Бұл аудиолардан бәрі анық естіледі. "Барселона” бұл жағдай бойынша түсініктеме талап етуі керек." – дейді ол.

VAR төрешілерінің эмоциясы, және "Барселонаға” қарсы шешімді қуанышпен қабылдауы — әділдікке күмән тудырып отыр.

Бұл жанжал Испаниядағы төрешілер жүйесіне, әсіресе VAR жұмысына деген сенімділікті тағы да сілкілеп жіберді. "Барселона” тарапынан ресми шағым түсіруі мүмкін деген болжамдар да айтылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×