Вардан Минасян: «Біз «Ақтөбенің» қарсыласқа мүмкіндік беретін команда екенін білдік»

29.04.2021, 20:03
Жамбылдық клуб 17 ұпаймен екінші орынға тұрақтады.
Вардан Минасян: «Біз «Ақтөбенің» қарсыласқа мүмкіндік беретін команда екенін білдік»

"Тараздың" бас бапкері Вардан Минасян Премьер-лиганың сегізінші турында "Ақтөбеге" қарсы өткен ойыны (3:1) туралы пікір білдірді:

- Вардан Размикұлы, ойын қалай өтті?

- Біз "Ақтөбенің" өзі ойнайтын және қарсыласқа да мүмкіндік беретін команда екенін білдік. Сонымен қатар бұл соңына дейін ойнайтын мінезді команда. Алғашқы 20-25 минутта біз керемет ойнадық. Екінші жағынан, алғашқы екі гол командаға нашар әсер етті - олар біздің ойыншыларды біраз босаңсытты. Сондықтан, үзіліс кезінде бізге түзетулер енгізу керек болды. Команда қайтадан жақсырақ ойнай бастады. Бірақ 3:0-ден кейін біз басқаша ойын ойнауға мәжбүр болдық. Біз бұл мәселені шешуіміз керек, бұл уақытты қажет етеді.

- Есеп 3:1 болғаннан кейін сіз үрейлене бастадыңыз ба?

- Матч бойы қорқыныш сезімі болды. Оның үстіне, бұл есепке қарамастан соңына дейін ойнайтын команда. Егер "Ақтөбенің" ойынын басқа командалармен салыстыратын болсақ, онда олар айып алаңындағы әріптестеріне дәл пас беруге тырысады. Осыған байланысты бұл командамен ойнау өте қиын. Сондықтан, ақыр соңында біз қақпамызға қауіп төндірмеу мақсатында бес қорғаушы схемасы бойынша әрекет ете бастадық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×