Вардан Минасян: «Үлкен таңданыстың бар екенін жасырмаймын»

04.05.2021, 16:29
«Тараз» осы маусымдағы ең ірі жеңілісіне ұшырады.
Вардан Минасян: «Үлкен таңданыстың бар екенін жасырмаймын»

«Тараз» командасының бас бапкері Вардан Минасян клубтың баспасөз қызметіне «Тобылмен» өткен ойын туралы пікірімен бөлісті.

- Вардан мырза, ойынның қиын болатындығын әу бастан-ақ күткен шығарсыз...

- Біз өте тәжірибелі әрі қарсыластың кез келген қателігін пайдалана білетін командамен кездесетінімізді білдік. Бізге концентрация мен серпіліс жетіспеді. Оның себеп-салдары да жоқ емес. Ойындардың тығыз кестесі әсер етуде. Бұл мәселені ойыншыларды алмастыру арқылы шешуге тырыстық. Футболшылардың жарақат алып немесе зорығып кетуінен сақтану қажет.

- Екінші таймда ойыншылар алмасқан соң шабуыл шебі күшейе түскендей көрінді...

- Иә, біраз мүмкіндіктер пайда болды. Біздің гол соғып кетуіміз мүмкін екендігін бәрі көрді...

- Соңғы мачтарда қосалқы құрамдағы ойыншыларды маңызды ойындарға шығарып жүрсіз. Ол футболшылардың деңгейін қалай бағалайсыз?

- Мен олардың қалай жаттығып, футболға деген көзқарасын байқап жүрмін. Қанағаттанарлықтай, көңілімнен шығады. Олардың болашағы бар. Біз жігіттерге сенім артып, көмек көрсетуіміз қажет.

- Ойын шиеленіс пен қарбаласқан сәттерге толы болды. Команда бұл жеңілісті қалай қабылдады?

- Үлкен таңданыстың бар екенін жасырмаймын. Біріншіден қойған нұсқауды соңына дейін орындамады. Дегенмен, тағы да барлығын сараптап, әрі қарай жалғастырамыз. Беріліп ойнағандарына тағар мінім жоқ. Олар әрбір матчта физикалық тұрғыдан барын салады. Эмоцияны да ұстап қалмайды. Позитивті сақтап, жұмыс жасау мен дамуды жалғастыруымыз керек.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×