«Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысы Венсан Компани «Бёрнлидің» жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды англиялық клубтың ресми сайты.
36 жастағы маман бұған дейін «Андерлехт» клубын жаттықтырған еді.
«Бёрнли» футбол клубы – шын мәнінде Англиядағы тарихи команда және мен осы клубтың бас бапкері болып тағайындалғанымды мақтан тұтамын. Сынақты еңсеруге дайынмын. Ойыншылармен жұмыс істеуді және жанкүйерлерімізді қуантатын позитивті, белсенді команда құруды асыға күтемін. Мұнда келмес бұрын клуб менеджментінің көзқарасына тәнті болдым, ол менің көзқарасыма сәйкес келеді және мен алдағы маусымда өз қызметімді лайықты түрде атқаруға тырысамын», - деді Компани.
Айта кетейік, 2022/2023 жылғы маусымда «Бернли» Чемпионшипте бақ сынайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET