Виктор Зябко “Оқжетпес” ойыншысы атанды

13.02.2024, 21:10
Виктор Зябко “Оқжетпес” ойыншысы атанды

 

Көкшетаулық “Оқжетпес” 26 жастағы қорғаушы Виктор Зябконы команда қатарына қосты, деп жазады Аладоп.кз.

Зябко көкшетау футболының түлегі. Өз мансабын ол 2016 жылы жергілікті “Оқжетпес” сапында бастаған. ҚПЛ дебюттық кездесуін Виктор араға 6 жыл салып “Ақжайыққа” қарсы ойында өткізеді. 

Соңғы рет қорғаушы петропавлдық “Қызыл-Жар” сапында төбе көрсетті. Өткен маусым қорытындысы бойынша 26 жастағы ойыншы барлығы 11 ойын өткізді.

Айта кететіні, Виктордың алдында көкшетаулық ұжым өз түлегі Идрисов Нияздың келісімшартын ұзартты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×