“Тұран” командасы македониялық ойыншыны қатарына қосты

13.02.2024, 20:13
“Тұран” командасы македониялық ойыншыны қатарына қосты

28 жастағы қорғаушы Виктор Велкоски өз мансабын түркістандық “Тұран” сапында жалғастырады, деп жазады Аладоп.кз.

Виктор мансабының басым бөлігін өз отанында өткізген. Ол «Вардар», «Пелистер», «Любанци», «Скопье», «Победа», «Работнички» және «Брегалница» сынды макендониялық ұжымдардың сапында өнер көрсеткен. Одан тағысы, қорғаушы грекиялық «Аигиниакос» пен албаниялық «Лачи» клубтарының намысын қорғады. 

Соңғы рет Велкоски «Брегалница» жейдесінде алаңға шықты. Ол Солтүстік Македонияның Бірінші лигасы аясында 12 ойын өткізіп, 3 гол мен 1 голдық пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ҚПЛ футбол
Серіктес жаңалықтары
×