“Атырау” Бірінші лиганың өткен маусымдағы ең үздік сұрмергендерінің бірімен келісімшарт жасасты

13.02.2024, 19:47
“Атырау” Бірінші лиганың өткен маусымдағы ең үздік сұрмергендерінің бірімен келісімшарт жасасты

“Атырау” клубы 26 жастағы шабуылшы Едіге Оралбаймен келісімге келгенін хабарлап отыр, деп жазады Аладоп.кз.

Оралбай кәсіби футболға елордалық “Бәйтерек” ұжымымен бірге қадам басты. Ол өз мансабында “Мақтаарал” мен “Жетісудың” негізгі командаларында өнер көрсеткен.

Өткен маусымда Едіге шымкенттік “Қыран” сапында жүріп, Бірінші лига аясында өткізген 27 ойында 21 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×