"Вильяреал" жеңіске жету керек

07.04.2011, 17:44
"Вильяреал" жеңіске жету керек
Бүгін түнде 1/4 финал. Еуропа лигасының ширек финал ойындары. Кім жеңеді? Кім ұтылады? Осы сұрақтарға бас қатырайық. Өз алаңында ойнайтын командалардың жартысынан көбі жеңіске жететін сыңайлы. "Порту" "Спартактан" күштірек. Ойыншыларының барлығы кездесуге дайын. Өткенде чемпиондықты ұтып алды. Осы екі клубта өнер көрсеткен Аленичевтің ойынша "Спартак" 2:1 есебімен ұтылып келсе де келер кезеңге өтетін мүмкіндігі болар еді дейді. "Бенфиканың" матчқа қандай күйде шығары беймәлім. ПСВ сырт алаңда жақсы ойнайтиын команда. Сондықтан бұл командалар арасында тең ойын тіркелетін шығар деген болжам бар. "Вильяреал" өз алаңында биылғы Еуропа лигасының маусымында ұтылып көрмепті. Және осы ойында сол дәстүрді бұзбауға тырысады. 2:0 есебімен алаң иелері жеңуі керек. Үздік мерген Росси белсенділік танытса, Нилмар оны қостаса "Твентеге" бүгінгі матчта нан жоқ. "Динамо" Киев командасы өз алаңында, ал "Брага" сырт алаңда жақсы ойнайды. Сондықтан, "Динамо" 1:0 немесе 2:0 есебімен жеңіске жетіп қалуы ықтимал. Порту 21:05 Спартак Мәскеу - "Казақстан" арнасы Бенфика 21:05 ПСВ      - "Хабар" агенттігі Вильяреал 21:05 Твенте Динамо Киев 21:05 Брага
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×