“ШАХТЕР” – “БАРСЕЛОНАНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚҰРБАНДЫҒЫ. “ЧЕЛСИ”-”МЮ” КЕЗДЕСУІНДЕ УАҚЫТША АНТРАКТ

11.04.2011, 15:46
“ШАХТЕР” – “БАРСЕЛОНАНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚҰРБАНДЫҒЫ. “ЧЕЛСИ”-”МЮ” КЕЗДЕСУІНДЕ УАҚЫТША АНТРАКТ

“Реал”, “Шальке” һәм “Барселона”. Бұл командалар қазір жартылай финалдың табалдырығында. Тек “МЮ” мен “Челси” жұбының сұрағына әзірге шешім жоқ. Кеше Лондонда Өткен кездесуде “МЮ” жеңіске жетті. Бірақ “Челсидің” бұл жеңіліспен үміті үзілген жоқ. Ал “Барселона” бар мәселені осы ойында шешіп тастады. “Шахтер” үшін ширек финал тарихи сәт болып қалмақ.

“ЧЕЛСИ” (Англия) – “МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД” (Англия) – 0:1 (0:1)

Гол: Руни, 24.

“Челси”: Чех, Босингва (Оби Микел, 79), Иванович, Терри, Коул, Рамирес, Эссьен, Лэмпард, ЖИРКОВ (Малуда, 70), Торрес, Дрогба (Анелька, 70).

“Манчестер Юнайтед”: ван дер Сар, Рафаэл (Нани, 50), Фердинанд, Видич, Эвра, Валенсия, Кэррик, Пак (Смоллинг, 90), Гиггз, Руни, Эрнандес (Бербатов, 78).

Ескертулер: Жирков, 36. Рамирес, 60. Эссьен, 66. Видич, 74. Ван дер Сар, 80.

Төреші: Мальенко (Испания).

Лондон. “Стэмфорд Бридж”. 37 915

Кәрі құрлықтағы клубтық сындарда ағылшындық ширек һәм жартылай финалдар талай рет орын алған. Солардың бірі һәм бірегейі биылғы маусымнан да тыс қалған жоқ. “Челси” өз жанкүйерлерінің алдында “қызыл сойқандарға” есе жіберді. Бұл Анчелотти командасы үшін ауыр соққы. Бітіспес қарсыластардың әр кездесуі футбол алаңындағы ең соңғы айқастай өтетіні тағы бар. Бүгінгі матчта “МЮ” жинақы ойнады. Сол жинақылық сырт алаңдағы аса маңызды жеңісті әкелгенін айта кеткен жөн. “Челси” сапынан Торрес, Дрогба, Анелькалар алаңда ойқастағанымен өз ойындарын таба алған жоқ. “Челсидің” тек кездесудің бірінші бөлігінде Ван дер Сар қақпасына төндірген мына бір сәті ғана болмаса, есепті теңетстіруге шамасы жетпеді. Бұдан кейін жеңіс туралы айтудың өзі ұят.
"МЮ" қақпасына төнген қауіпті сәт

"МЮ" қақпасына төнген қауіпті сәт

Бұл ойын  Лэмпард үшін “Челси” сапындағы 500-ші, Ал бас абпкер Анчелотти үшін 100-ші ойыны. Бірақ қос қаһарман үшін бүгінгі мерейтойлық матчтар сәтсіз аяқталды. Дегенмен, бұл сәтсіздікті сәттілікке ұластыру Анчелотти/Лэмпард жұбының өз қолында. Әлі мәселе шешілген жоқ. “Челси” vs “МЮ”… ЖАЛҒАСЫ БАР…

“БАРСЕЛОНА” (Испания) - “ШАХТЕР” (Украина) – 5:1 (2:0)

Голдар: Иньеста, 2 (1:0). Даниэл Алвес, 34 (2:0). Пике, 53 (3:0). Ракицкий, 60 (3:1). Кейта, 61 (4:1). Хави, 86 (5:1).

“Барселона”: Вальдес, Даниэл Алвес, Пике, Бускетс, Адриану (Максвелл, 77), Хави, Маскерано, Иньеста (Афеллай, 90+1), Кейта, Месси, Вилья (Педро, 70).

“Шахтер”: Пятов, Срна, Ищенко, Ракицкий, Рац, Хюбшман (Эдуарду да Силва, 82), Дуглас Коста, Жадсон (Фернандинью, 70), Мхитарян, Виллиан (Алекс Тейшейра, 75), Луиз Адриану.

Ескертулер: Рац, 51. Иньеста, 59. Ракицкий, 66. Фернандинью, 77.

Төреші: Томсон (Шотландия).

Барселона.  ”Ноу Камп”. 86 518

Ал “Барселона” мен “Шахтер” арасындағы екі актілі спектакльдің бірінші қойылымынан кейін бәрі белгілі болғандай. Екінші акт біз үшін қызықсыз. Барлық жайт шарықтау шегіне жеткен қойылымдай бұл кездесу. “Шахтер” бүгін “Барселонаның” кезекті құрбандығы. Украина командасы үшін енші ширек финалға шыққан жетістіктеріне шүкіршілік етуден басқа ештеңе қалған жоқ. Аламан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×