«Жасанды желектен жасақталған футбол алаңы. Құрылыс жұмыстары мен баптау»

08.04.2011, 18:07
«Жасанды желектен жасақталған футбол алаңы. Құрылыс жұмыстары мен баптау»

атты Алматыда презинтацияның бағдарламасы өтті

Семинардың ұйымдастырушысы ретінде «Adiana Sport Stroy» компаниясы ұсынылып, барша келген қонақтардың қызығушылығын арттырып, қатысушылар синтетикалық газонның эксплуатациялау аспектілерін де қызығушылықпен талқылады. Семинарға спорт кешендерінің директорлары, стадин директорлары, спорттық мектептің жетекшілері, т.б. шақырылды. Семинарға қонақ ретінде келген Қазақстан Футбол Федерациясының вице-президенті Виктор Катков ұсынылған бағдарламаның маңызды жақтарын атап өтіп, инфроқұрылымдардың жақсарту жолдарын қарастыра отырып, мамандандырылған жолда күтіп ұстауды мақсат етті. Қазақстынның Футбол Федерациясы клубтардың сертификациясын жасақтады. Келесі жылдан бастап барлық Премьер-Лиганың клубтары арнайы жылытқышы бар қосымша жасанды алаңға ие болуы керек. Ал, бірінші дивизионның өкілдері – жылытқышсыз алаңның иесі болуы керек. - Бұл дегеніміз жыл бойы жақсыжағдай мен қаланың қолайсыз ауа райында жұмыс істеу мүкіндігі ғана емес, көптеген пробелдардың орынын толтыруға үлкен мүмкіндік. Біз барлығымыз өзіміз көріп отырғандай, бұған дейін барлық футболистерде жаман алаңда дайындалғандықтан технткалық жарамсыздық орын алып, соның нәтижесінде олар,қатты жылдамдықтағы допты бақылау мүмкіндігінен айырылған болатын. Әр қаладағы футбол алаңының жаңартылыуы алдағы уақыттафутболдың дамуына өз септігін тигізетін болады. Бұл дегеніміз, жасанды газондар арқылы табиғи газонның орнын алмастырып,экономикалық және климаттық жағдайларға оңтайлы пайда әкеле отырып, біз бұл бағытты дамытуымыз керек,- деді Виктор Катков.- Жасанды алаң жыл сайын танымал болып келеді. Оны жүзеге асыратын төрт фактор бар: инфроқұрылым, климаттық маңыздылық, ауа-райы,экономдылығы. Жасанды алаңды жылдың кез-келген мезгілінде, кез келген ауа-райында, кез келген аймақта эксплуатация жасауға болады. Бұл кез-келген штатта да көптеген манмандардың көмегінсіз баптау жағынан арзанға түседі.жасанды газонды дайындау барысында барлық нюанстар мен маңызды жақтарын тек қана арнайы оқыған технологтар ғана емес, тіптен футболға қатысы жоқ мамандарда жасақтай алады. Дәл осы қолайлылықтың себебінен жасанды алаң жыл сайын артып келеді, және де барлығы табиғи газонның стандарттарына сай келеді. Тіптен айтарлықтай айырмашылықтары да жоқ. Сонымен қатар ҚФФ вице-президенті УЕФА сертификациясына Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Астана, Талдықорған, Павлодар және Көкшетау қалаларының стадиондарының өткенін айтты. Бұл қалалардың ареналары халықаралық талапқа сай. «Adiana Sport Stroy-дың» директоры Мәди Оспанов пен техникалық директоры Владимир Моор, ҚФФ вице-президенті Виктор Катков, сондай-ақ, «ACT Global Sports» компаниясының жетекшісі Вилл Дитсен қызықты материалдарымен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×