Месси құны 250 млн. еуро

08.04.2011, 18:09
  Месси құны 250 млн. еуро
Мына суретте әлемнің екі мәрте үздік футболшысы, Аргентина құрамасы мен Испанияның «Барселона» командасының ойыншысы Лионель Мессидің қорғаушылардың жаурынын жерге тигізіп, алдап бара жатқаны түсірілген. Жақында «Барселонаның» ежелгі қарсыласы Мадридтің «Реал» клубының президенті Флорентино Перестің атақты аргентиналықты мау­сымаралық үзілісте сатып алу үшін 250 млн. еуро көлемінде қаржы жұмсайтыны туралы айтқан пікірі футбол десе жарғақ құлағы жастыққа тимейтін миллиондаған жанкүйерлерге жетті. Футбол ғана емес, спорт тарихында осыншама сомаға әлі ешкім ешқандай спортшыға ақша төлеп көрген емес. Ал Месси болса, бұл ауысуға мүлдем қарсы емес екенін, оның есесіне өз командасының қыруар қаржы алып, қордаланған пробемалардан құтылатынын айтып отыр. Айтайын дегеніміз, адамның бойындағы табиғи талант пен еңбекқорлығын ерекше бағалайтын елдерде дарынды азаматтар көптің арасынан осындай жолдармен де суырылып шығады. Дастан КЕНЖАЛИН.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×