16 наурыздан 17 наурызға қараған түні Турин қаласындағы (Италия) «Альянц-Ювентус» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Ювентус» «Вильярреалды» қабылдады.
Матчтағы есеп екінші таймда ашылды. 78-минутта «Ювентус» қақпасына пенальти белгіленіп, оны шабуылшы Жерар Морено сәтті орындады. 85-минутта қорғаушы Пау Торрес «Вильярреалдың» екінші голын соқты. Ал ойынның қосымша уақытында Арно Груневельд пенальтиден мүлт кетпей, 0:3 есебін тіркеді. «Вильярреал» қақпашысы Хиронимо Рулли матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
Еске салайық, командалардың алғашқы кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.
Параллель өткен матчта «Лилль» мен «Челси» командалары өзара мықтыны анықтады. Ойын Вильнев-д'Аск қаласындағы (Франция) «Пьер-Мауро» стадионында өтіп, 2:1 есебімен лондондық клубтың пайдасына аяқталды.
Бірінші таймда Бурак Йылмаз пенальтиден гол соқты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Кристиан Пулишич таразы басын теңестірді. Екінші таймның ортасында Сезар Аспиликуэта Мейсон Маунттың пасын өз пайдасына жаратып, командасына жеңіс сыйлады. УЕФА нұсқасы бойынша Пулишич осы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Естеріңізде болса, қос команда арасындағы алғашқы кездесу 2:0 есебімен «аристократтардың» пайдасына шешілген болатын.
Біздің серіктес: FONBET