Чемпиондар лигасының ширек финалына өткен командалар анықталды

17.03.2022, 14:25
Жеребе тарту рәсімі 18 наурызда өтеді.
Чемпиондар лигасының ширек финалына өткен командалар анықталды

Чемпиондар лигасының ширек финалында өнер көрсететін барлық командалар анықталды. Олар:

  • «Бавария Мюнхен»;
  • «Манчестер Сити»;
  • «Бенфика»;
  • «Челси»;
  • «Атлетико Мадрид»;
  • «Вильярреал»;
  • «Ливерпуль»;
  • «Реал Мадрид».

Чемпиондар лигасының ширек финалы мен жартылай финалына арналған жеребе тарту рәсімі 18 наурызда Ньон қаласында өтеді. Ширек финалдағы алғашқы ойындар 5 және 6 сәуірде өтеді. Қарымта кездесулер 12 және 13 сәуірге жоспарланған.

Айта кетейік, осы маусымындағы Чемпиондар лигасының шешуші ойыны 28 мамырда Сент-Денидегі «Стад де Франс» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×