«Ордабасы» африкалық легионермен толықты

17.03.2022, 14:40
Футболшы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.
«Ордабасы» африкалық легионермен толықты

Шымкенттік «Ордабасы» африкалық футболшы Секу Думбиямен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Кот-д'Ивуардан келген жаңа ойыншы орталық және артқы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.

Думбия шымкенттік клубқа ауыспас бұрын израильдік «Хапоэль Хадера» комардасында доп тепкен. Одан бөлек, «Заря», «Сахан» (екеуі де Молдова), «Слуцк» (Беларусь), «Тамбов», «Армавир» (екеуі де Ресей) сияқты клубтардың намысын қорғады.

Секу Думбия трансферлік терезеде шымкенттік «Ордабасыға» қосылған жетінші ойыншы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×