Қазақстан жастар құрамасы Финляндиядан ойсырай ұтылды

17.03.2022, 14:51
Жігіттеріміз өз қақпасына жеті гол жіберіп алды.
Қазақстан жастар құрамасы Финляндиядан ойсырай ұтылды

Қазақстан жастар (U19) құрамасы футзалдан Еуропа чемпионатының төртінші іріктеу тобындағы екінші ойында Финляндиядан 7:1 есебімен ұтылды.

Ұлттық құраманың осы матчтағы жұбаныш голын 28-минутта Лев Ким соқты.

Қазақстан U19: Андрей Голубничий, Вадим Булдин, Ерсұлтан Өтегенов, Руслан Үргенішбаев, Қанат Әуезов - Дінмұхаммед Ипмағамбетов, Нұржан Сарқыт, Ержан Кәрменов, Лев Ким, Ақтілек Бауыржанұлы, Алдияр Бадан, Алдияр Қазбеков.

Келесі матч 18 наурыз күні Босния және Герцеговина командасына қарсы өтеді.

Еске салайық, Семен Палагутин шәкірттері алғашқы ойында Польшадан 3:2 есебімен жеңілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×