«Ордабасы» белоруссиялық шабуылшымен мәміле жасасты

17.03.2022, 16:22
Футболшының мүмкіндіктерін шымкенттік клубтың бас бапкері жақсы біледі.
«Ордабасы» белоруссиялық шабуылшымен мәміле жасасты

«Ордабасы» футбол клубы 25 жастағы белоруссиялық шабуылшы Всеволод Садовскиймен келісім-шартқа отырды.

Всеволод өз отанында «Минск», «Энергетик-БГУ» және «Динамо» (Брест) командаларының намысын қорғаған. Өткен маусымды бресттік «Рух» клубында өткізіп, 33 ойында 13 гол соққан.

Шабуылшы мансабында бас-аяғы 134 матч өткізіп, 53 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды. Кезінде Беларусь жастар құрамасында доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×