Винисиус Чемпиондар Лигасында рекорд орнатты

07.04.2021, 20:51
Винисиус Каканың 2004 жылы орнатқан рекордын жаңартты.
Винисиус Чемпиондар Лигасында рекорд орнатты

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Винисиус Жуниор бразилиялық футболшылардың Чемпиондар Лигасындағы рекордын жаңартты, деп хабарлайды OptaPaolo.

Винисиус ширек финалда "Ливерпульмен" болған матчта дубль жасап (3:1), Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде екі немесе одан да көп гол соққан ең жас бразилиялық ойыншыға айналды (20 жас 268 күн). Ол 2004 жылы "Депортивоға" қарсы матчта (4:1) дубль жасаған Каканың (21 жас 336 күн) рекордын жаңартты.

УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойында "Реал Мадрид" өз алаңында "Ливерпульді" қабылдады. Кездесу Мадридтегі (Испания) "Альфредо ди Стефано" стадионында өтіп, 3: 1 есебімен аяқталды. Матчта Феликс Брих бастаған Германиядан келген төрешілер тобы қызмет етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×