Польшалық «Висла» клубына ауысуы тиіс болған қазақстандық шабуылшы «Қайрат» сапына қосылмақ

07.04.2021, 20:59
Футболшы «Қайраттың» жастар командасында доп теппек.
Польшалық «Висла» клубына ауысуы тиіс болған қазақстандық шабуылшы «Қайрат» сапына қосылмақ

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 19 жастағы шабуылшы Денис Митрофанов польшалық "Висла" клубына ауыса алмады. "Алтай" командасының тәрбиеленушісі наурыз айының соңында польшалық клубтың орналасқан жеріне барған болатын, бірақ ол медициналық тексерістен өте алмады.

Енді шабуылшы алматылық "Қайратқа" ауысады деп күтілуде және ол команданың жастарымен бірге Бірінші лигада ойнайтын болады.

Денис бұған дейін "Алтай" сапында ойнаған, сондай-ақ Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына шақыртылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×