«Астана» испаниялық қорғаушымен келісім-шартқа отырды

07.04.2021, 22:31
Футболшы қорғаныстың сол қапталында және орталығында ойнай алады.
«Астана» испаниялық қорғаушымен келісім-шартқа отырды

Барлық тиісті медициналық тексерістен өткеннен кейін "Кадете" деген атпен танымал 26 жастағы қорғаушы Энрике Лопез Фернандез "Астана" футбол клубымен келісім-шарт жасасты.

Испаниялық футболшы "Алькорон" клубының түлегі болып табылады. Кадете Испания біріншілігінен бөлек Мексика чемпионатында "Атлетико Сан-Луис" және "Керетаро" клубтары үшін де ойнады.

Жаңа ойыншы елордалық клуб сапында 21-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×