Вирус жаңалықтар: Эден емделді, үздік бапкер анықталды

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
01.05.2020, 16:52
Әлем футболы осылай тыныстайды.
Вирус жаңалықтар: Эден емделді, үздік бапкер анықталды

Франция чемпионатының турнирлік кестесі белгілі болды. ПСЖ командасы чемпион атанып, екінші орын "Марсельге", үшінші орын "Реннге" бұйырды. Ал "Лилль", "Реймс", "Ницца" командалары Еуропа лигасына қатысады. "Ренн" командасы өзінің тарихында бірінші рет Чемпиондар лигасына қатысатын болды. Ал Францияның белді клубы "Лион" бұл тірнирлік кестеге шағым түсіріп көрмекші.

Нидерланды біріншілігі ерте аяқталғанына байланысты Еуропа лигасындағы бір орыннан айырылуы мүмкін. Себебі, Нидерланды кубогының финалы да ойналмай қалып еді. Сондықтан да, УЕФА оларға қатаң ескерту жасаған болатын. Еуропа лигасына жолдама беретін соңғы орынды футбол федерациясы "Виллем" ІІ командасына берді. Алайда, оны УЕФА еурокубок ойындарына қатыстырмай тастауы ықтимал.

Португалия біріншілігі мамыр айының соңында қайта жалғасуы мүмкін. Ойындар жанкүйерлерсіз, қатаң тәртіп жүйесінде өтеді. Льеж қаласының "Стандардк клубы қаржылық қиындықты бастан өткеріп отыр. Осы кезде клубқа қол ұшын созып, 3 миллион еуро аударуға дайын екенін білдірткен футболшы бар. Ол - Маруан Феллаини. Танымал футболшы футболдағы алғашқы қадамдарын осы клубтың академиясында бастаған еді.

Англия чемпионаты әртүрлі талқының ортасында тұр. Не өтеді, не өтпейді деген сауалдар жан-жақты жауаптар алып жатыр. Енді соңғы мәліметке сенер болсақ клубтар үш апта бұрын жаттығуды бастап, ойындарды жалғастырмақ. Ал сол жаттығулар 18 мамыр күні басталады екен. Ары қарай өзіңіз есептей беріңіз.

Жарақатынан айыға алмай жүрген Эден Азар құлан таза жазылып кетпесе де, жүгіруге шамасы жетеді. Ол өздігінен жаттығулар жасап, жалпы жиынға қатысуға дайындалып жатыр. Ла-лига қайта жалғасқан кезде алаңға шығуы да бек мүмкін. Демек, "Реал" соңғы турларда барын салады деген сөз.

Германияның еңбек министірлігі қаулы шығарып, Бундеслига 1 мен Бундеслига 2 жарыстарын жанкүйерсіз ойнай беріге рұқсат етті. Ал "Шальке" командасының сыра сататын демеушісі стадионда қалып кеткен 8 мың литр сыраны қайта сорып алып, өзінің қоймасына сақтайтын болды. Ал негізі "Фельтинс Аренаға" 52 мың литр сыра сияды екен.

Бразилияда "Индепендьенте" клубының қорғаушысы Кайо Филипе Сильва Сантос тоқ ұрып, қайтыс болды. Ол аспанға "әуе жыланын" жіберіп ойнап тұрған кезде, сымдары жоғарғы вольтты электр бағанына оралып, содан тоқ ұрған. FourFourTwo журналы әлемнің үздік 100 бапкерін жариялады. Бірінші орында Сэр Алекс Фергюссон, Ринус Михельс пен Йохан Круиф екінші және үшінші сатыда. Ал үздік ондықты Валерий Лобановский қорытындылапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×