Владимир Газзаев қазақстандық клубты жаттықтыруы мүмкін

21.12.2020, 18:28
Бұл оның ҚПЛ-дегі үшінші командасы болмақ
Владимир Газзаев қазақстандық клубты жаттықтыруы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, ресейлік Владимир Газзаев «Ордабасының» жаңа бас бапкері болуы мүмкін.

40 жастағы маман шымкенттік клубтың бас бапкері қызметіне басты үміткер. Егер «Ордабасы» басшылығы Газзаевтың пайдасына таңдау жасаса, бұл оның Премьер-лигадағы үшінші командасы болмақ. Бұған дейін ол «Ақтөбе» мен «Тобылды» жаттықтырған еді.

«Ордабасы» осы маусымда 20 турдан кейін 31 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынға ие болды. Және еурокубок жолдамасынан қағылды. Ал «Қайрат» өз кезегінде Қазақстан чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×