Владимир Никитенко: Орталық жартылайқорғаушылар көп қателік жіберді

05.04.2011, 03:29
Владимир Никитенко: Орталық жартылайқорғаушылар көп қателік жіберді

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері «Ертіс» командасымен өткен ойыннан кейін баспасөз өкілдерімін кездесті.

- Бүгінгі ойын өте тартысты өтті. Қос команда ұпайдан айырылғысы келмеді. Қазақстан чемпионатының деңгейінің өскендінің бір белгісі деп қарау керек мұндай жағдайды. Алғашқы гол орталық бөлікте ойнайтын ойыншының қателігінен кірді. Футболда мұндай жағдайлар команданы сәтсіздікке итермелейді. Егер біз дәл осындай голдар жіберетін болсақ, онда жеңіске жету жайлы әңгіме қозғау қиын. Дәл сондай жәйт бүгін де басымыздан өтті. - Өткен ойыннан кейінгі негізгі құрамдағы өзгерістер жайында айтсаңыз. - «Атыраумен» өткен кездесуден соң біздің негізгі командада 3-4 өзгеріс болды. Олардың орнын жеткілікті деңгейде жақсы алмастыра білдік те. Головской қызыл карточкасына байланысты ойынды жіберді, ал Струков тізесін жарақаттап алған еді. Бірақ, ойын барысында ол алаңға шығароуын өтінді. Ұтылып жатқаннан соң мен оны шығаруға бел будым. Десе де, біз сол сәтте амалсыз футболшының денсаулығымен тәуекелге кеттік деп ойлаймын. - Алматыдағы жасыл алаң өзге қалалардағыдан жақсырақ. Жермен, жылдам әрі қысқа пастар арқылы неге ойнамадыңыздар? Біздің байқағанымыздай сіздің ойыншыларыңыз әуелетіп көп пас жасады. - Иә, олай да болар еді. Біз бұл жағын алдағу уақыт қарастырамыз. Дегенмен де, бір жағынан біздің ойыншыларымыз бойшаң. Шабуылшыларымыз баспен жақсы ойнай біледі. Қысқа пастармен шабуылға жетем дегенше, әуелеген дәл бір пас арқылы қорғаныстан шабуылға жылдам жетесің. Осыны естен шығармауға тырыстық. - Келесі кездесулерга команда ойыншщылары толықтай дайын болады деп ойлайсыз ба? - Иә, барлығы дайын болатын шығар. Струковтың аяғының исігі жазылса, Головской қайтадан ойнау құқына ие болса барлығы орнында болады деген сөз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×