Владислав Васильев: «Мен Қазақстан құрамасына шақыртуды ұзақ күткен едім»

19.03.2021, 18:31
Васильев жаңа клубқа ауыса салысымен екі нәтижелі пас берді.
Владислав Васильев: «Мен Қазақстан құрамасына шақыртуды ұзақ күткен едім»

«Энергетик-БГУ» клубының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев «Прессбол» басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алғаны жайлы пікір білдірді.

– «Энергетик-БГУ» сапында жүріп Қазақстан құрамасына шақырту алу қиынға соғады деп қорықпайсыз ба?

– Мен шақырту алып үлгердім ғой – клубқа келдім, мені шақырды. Қиын болады деп ойламаймын. Керісінше, біздің команда тартысты ойын көрсетеді. Осы жылы қалай ойнайтынымызды көреміз.

– Беларусь құрамасы сапында ойнауың мүмкін бе еді?

– Беларусь азаматтығын алу туралы әңгімелер болды, алайда бұл сыбыс күйінде қалды. Мен Қазақстан құрамасына шақыртуды ұзақ күткен едім. Ол уақыт келді және алғашқы ойынымды өткіздім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×